Бағлан Әбдірайымов өмірдегі ең үлкен өкініші туралы айтты

332

Әнші әкесінің өтінішін орындай алмағанына қынжылады.     

Бағлан Әбдірайымов өмірдегі ең үлкен өкініші туралы айтты Фото: baglan_abdraimov_official

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов өмірдегі ең үлкен өкініші туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өмірімдегі өкінішімнің үлкені – әкемнің өтінішін орындай алмағаным. Пендешілікке салынып, жүріп алыппын. Әкем өмірден өтер алдында "асты биік көлік әперші, мініп жүрейін" деп өтініш айтқан еді. Әкемнің көзі нашар көретін. Көлік әперсем, бірдеңе болып қала ма деп қорықтым. Бірақ туған күні жақындап қалған еді, қарындастарымызбен ақылдаса келе сұрағанын алып берейік деп шештік. Алайда әкем о дүниелік болып кетті", - деді Бағлан Әбдірайымов "Ұрпақ" подкастына берген сұхбатында. 

Адамның емес, құдайдың дегені болады, деп жалғастырды әнші. 

"Туған күніне жетпей, таңертең шай ішіп отырып, анама "қан қысымымды өлшеші" деп кереуетте отырған күйі күліп жүріп кете салды. Қатты өкіндім. Сол "Әттеген-айды" қалай басамын деген ой маза бермейтін", - деді ол.

Әнші өкінішін басу үшін денсаулығы жоқ басқа адамға көлікті сыйға тартқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу