Бағлан Майлыбаев 2 ай мерзімге қамауға алынды

903

Бағлан Майлыбаев 2 ай мерзімге қамауға алынды

Бағлан Майлыбаев 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және  Н. Галихин ұсталды" делінген хабарламада.

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижесі жөнінде қосымша хабарланатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу