Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты

905

 Ақпарды Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының төрағасы Кемеңгер Имашев растап, арнамызға арнайы сұхбат берді.  

 Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майыбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оны босату туралы қаулы 14 мамырда шығарылғаны белгілі болды. Енді экс-шенеунік пробация талаптары бойынша жергілікті полицияның бақылауына алынып, тұрғылықты мекен-жайынан алыс кетпеуі тиіс.  Еске салсақ, 45 жастағы Бағлан Майлыбаев 2017 жылдың 12 қаңтарында қызметінен босатылған. Кейін оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану" және "Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету" бабы бойынша айып тақты.  Кейін қылмысы дәлелденіп, 5 жылға сотталды. Онымен бірге ұсталған Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Николай Галихинге шартты түрде жаза тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу