"Бағымызға қарай, айтарлықтай зардап болмады": Олжас Бектенов министрге қандай тапсырма берді?

553

Үкімет басшысының сөзінше, күштер мен құралдар жер сілкінісіне сақадай сай болуға тиіс.

"Бағымызға қарай, айтарлықтай зардап болмады": Олжас Бектенов министрге қандай тапсырма берді? Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік және басқа да мемлекеттік органдар орын алған жағдайға қатысты шұғыл әрекет ете білді. Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақытылы іске қосылды. Қала халқы қабылдау пункттеріне эвакуацияланды. Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір болған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Үкімет басшысы.

Ол ТЖМ-ге елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды.

"Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі тиіс. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу