"Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысын әкімдік кешіктірген

1344

Нысан 2020 жылдың қарашасында қолданысқа беріледі.  

"Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысын әкімдік кешіктірген

"Шар Құрылыс" компаниясының иелігіндегі "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы мерзімінен кешігуіне әкімдік кінәлі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев БАҚ өкілдеріне осындай ақпарат берді.

"Бұл нысан жаңа ауданда салынып жатыр. Инженерлік инфрақұрылымды әкімдік тартып жатыр.  Биыл инфрақұрылым толық тартылып бітуі тиіс болған.  Жылу, кәріз, электр толық тартылып болған жоқ. Әйтпесе үйлер ішінара дайын.  Инженерлік желі уақытында салынбағандықтан, қолданысқа беру мерзімі келесі жылға шегерілді. Бұл жерде негізгі мәселе инфрақұрылымға тіреліп тұр. Ал оны әкімдік тартуы тиіс болған.  Қазір онда жылу берілген. Ал кәріз бен электр желісі әлі – салынып біткен жоқ", – деді әкімдік өкілі.

Оның айтуынша 2019 жылдың 25 тамызында берілуі тиіс болған. Нысан енді 2020 жылдың қарашасында ғана салынып бітеді.

"Инфрақұрылымының кешігуіне байланысты құрылыс созылып кетті. Магистральді инженерлік желі тарту құны 3,5 млрд теңге болады. Оның 2 млрд теңгеден астамы игерілді.  Келесі жылы қалған 1,7 млрд теңге игеріледі. Магистарльге қосылатын ішкі желілерді "Шар Құрылыс" компаниясының өзі тартуы тиіс", – деді Алтынбек Қайсағалиев.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу