БАХ: Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға арналған спорттық нысандар дайын

849

Бұл туралы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz сайты.  

БАХ: Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға арналған спорттық нысандар дайын

"Биыл біз Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына дайындықты бастауымыз керек. Біз қытайлық серіктестеріміздің батылдығы мен еңбекқорлығын байқап отырмыз. Барлық олимпиадалық нысандар дайын", - дейді Бах. 

Сондай-ақ, ХОК басшысы 2021 жылғы Токио ойындарына дайындық барысына да тоқталды. 

"Токио олимпиадаға толыққанды дайындалған қала ретінде тарихта қала береді. Бұл үшін жапондық серіктестеріміз бен достарымызға тек алғыс айтамыз", - деді Томас Бах. 

Айта кетелік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында ұйымдастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу