Баходир Жалоловтың үйлену тойында Мырзағали Айтжановты көкке көтерді

216

"Ұстаздарды көкке көтеру".

Баходир Жалоловтың үйлену тойында Мырзағали Айтжановты көкке көтерді Фото: видеодан скрин

Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Баходир Жалоловтың үйлену тойына Мырзағали Айтжанов бастаған бірқатар қазақ боксшылары барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде боксшының тойындағы қызықты сәттерден бейнелер тарады.

Би алаңында боксшылар Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановты көкке көтеріп, лақтырды. Одан кейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Киличевті де көкке көтерді.

"Ұстаздардың ұшуы", - деп жазды видеоны салған өзбек маманы Озод Меджитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу