Бахрейн билігі Израильдегі елшісін кері қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, корольдіктің Израильмен барлық экономикалық байланыстарын тоқтатып жатқаны белгілі болды.
Бахрейн парламенті бұл қадамға Палестина халқының заңды құқықтарын қолдау белгісі ретінде барғанын хабарлады.
Сонымен қатар, араб ақпарат құралдарының мәліметінше, Израильдің Манамадағы елшісі өз кезегінде Бахрейн аумағынан шығып кеткен.
Бұдан бір күн бұрын Боливия Тель-Авивтегі елшісін кері шақырып алған. Сыртқы істер министрі Айман Сафади: "Бұл шешім Иорданияның Газа секторындағы жазықсыз
Еске сала кетсек, 7 қазандағы Хамас шабуылы нәтижесінде Газа секторында жағдай ушыға түсті. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Хамасқа қарсы әскери операция бастады.