Бахрейнде 21 қазақстандық қыз сексуалдық құлдықтан босатылды

2387

ҚР СІМ-нің хабарлауынша, зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Бахрейнде 21 қазақстандық қыз сексуалдық құлдықтан босатылды Фото: mfa.gov.kz

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу