Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

1115

Заңсыз топты Бахрейнде тұратын 39 жастағы ер адам басқарған. мүшелері ұсталды.  

Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған төрт қазақстандық әйел көмектескен. Тағы үш бахрейндік пен Үндістаннан келген бір ер адам болған. Жоғарғы соттың үкімімен барлық 9 адам айыпты деп танылды. Осылайша, адам саудасымен айналысқандар түрмеге қамалды. Олар адамдарды саудалап, сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталды.

Сот 4 бахрейндік пен екі қазақстандық әйелді жеті жылға, Үндістаннан келген ер адамды үш айға, тағы екі қазақстандық әйелді екі айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, бахрейндік екі ер адамға және қазақстандық екі әйелге 2000 бахрейндік динар мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелерінен 219 миллион теңге мөлшерінде ақша тәркіленгені айтылады. Олар ол ақшаны есірткі сатумен айналысқанда тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу