Бахрейнде отандастарын жезөкшелікке салған қазақстандықтар 7 жылға сотталды

741

"Жеңгетайларға" бахрейндік пен үндістандық көмектесіп отырған. 

Бахрейнде отандастарын жезөкшелікке салған қазақстандықтар 7 жылға сотталды

Gulf Digital News ақпарат агенттігі Бахрейнде сотталған қазақстандықтар туралы ақпарат жариялады. 

"Адам саудасымен айналысқан ірі топтың мүшелері Қазақстаннан жас қыздарды айлығы көп жұмысқа аламыз деп алдап шақырып, жезөкшелікке салған. Қылмыстық топты Бахрейн азаматы басқарған. Ол қазақстандық 4 әйелден бөлек бір үндістандық пен 3 бахрейндікті қарамағында ұстаған. Бахрейннің Жоғары қылмыстық соты бахрейндік 4 азамат пен екі қазақстандықты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үндістан азаматы үш айлық, қалған екі қазақстандық әйел екі айлық жазамен құтылды", – деп жазады жергілікті ақпарат көзі. 

Қылмыстық топ мүшелерінен адам және есірткі саудасынан тапқан 200 мың бахрейн динары тәркіленген. Бұл топтың шырмауына 21 адам түсіп, адам саудасының құрбанына айналғаны белгілі болып отыр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу