Бахрейндік "жеңгейтайлардың" Қазақстанда сыбайластары болған

939

Бахрейнде Қазақстан азаматтары 20 шақты отандасымызды жезөкшелікке мәжбүрлеген.

Бахрейндік "жеңгейтайлардың" Қазақстанда сыбайластары болған Фото: sputniknews.kz

Аумағы ең кішкентай араб еліндегі бұл былыққа қазақстандықтардың қатысы бар екенін еліміздің құқық қорғау органдары әшкерелепті. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жариялады.

"Естеріңізде болса, осыдан шамамен бір аптадан астам уақыт бұрын 21 Қазақстан азаматшасын сексуалды құлдықтан құтқарған едік. Қазір олардың жағдайы жақсы, бәрі елге қайтарылды. Осыған қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге тергеудің қалай жүріп жатқанын егжей-тегжейлі айта алмаймын. Бұл іске өзге елдердің азаматтарымен қатар қазақстандықтардың қатысы бар болып шықты. Олар ұйымдасқан топ болып әйелдерді жезөкшелікке мәжбүрлеген", – деді Смадияров.

Айтуынша, осы жағдайға қатысты толық ақпарат тергеу біткеннен кейін жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бахрейн елінде арнайы операция барысында Қазақстан елшілігінің көмегімен 21 қазақстандық әйел сексуалды құлдықтан құтқарылған болатын. Жас қыздарды Бахрейн қонақ үйлерінде жұмыс істейсіңдер деп алдап шақырып алғаны анықталды. Манама қаласына келген бойда олардың паспорттарын тартып алып, сексуалды сипаттағы қызмет көрсетуге күштеп мәжбүр еткен. Ал қарсылық танытқан кезде оларды ұрып-соққан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу