Бахрейннен адам саудасымен айналысқан қазақстандық экстрадицияланды

1071

Ол кәмелет жасына толмаған қызды сатты деген күдікке ілінген.

Бахрейннен адам саудасымен айналысқан қазақстандық экстрадицияланды

Бахрейннен адам саудасымен айналысқан 33 жастағы Қазақстан азаматы экстрацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бірлесіп, Бахрейн корольдігінен 1989 жылы туған қазақстандықты экстрадициялады.

"Ол Бахрейн корольдігінде жыныстық қанау мақсатында кәмелетке толмаған Қазақстан азаматын сатты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Ол халықаралық іздеу жарияланған", – деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Бүгінде күдікті Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қамауда отыр.

Айта кетейік, осыған дейін бұл қылмысқа қатысы бар бірқатар адам ұзақ мерзімге сотталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу