"Бешикташ" футбол клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов бір ойынға шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркия Суперлигасының 27-турында "Бешикташ" сырт алаңда ойнады. Бахтиер 87-минутта ойынға шығып, 94-минутта қарсыласын қолмен қағып жібергені үшін төрешіден ескерту алды. Бұл оның осы маусымдағы төртінші сары қағазы болды. Нәтижесінде келесі турда болатын "Галатасарайға" қарсы ойынға қатыспайды.
Ойында Бахтиердің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық ойыншы осы маусымда 23 матчқа қатысып, әзірге гол соққан жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу