Бахтияр Қожахметов жаңа қызметке тағайындалды

1122

Бахтияр Кожахметов Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бахтияр Қожахметов жаңа қызметке тағайындалды

Бахтияр Дүсенбайұлы Қожахметов 1985 жылы туған.

2007 жылы "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген;

2009 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, біліктілігі "Ақпараттық жүйелер магистрі";

2011 жылы – Карлов университеті, Прага қаласы, біліктілігі "Демография және демографиялық зерттеулер магистрі";

2017 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі "Құқық бакалавры".

Еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.

2005 жылдан 2012 жылдар аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ түрлі қызметтер атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2015ж-"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында "Зерде" ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу