Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
13 шілдеге дейін №18, №37 және №303 автобус бағыттары уақытша өзгертіліп, осы аралықта фестиваль өтетін "Қазанат" ипподромына дейін қатынайды.
Сондай-ақ 11 және 12 шілде күндері аталған маршруттардың жұмыс уақыты сағат 23:00-ге дейін ұзартылды.
Ұйымдастырушылар жол кептелісін болдырмау үшін фестиваль қонақтарына мүмкіндігінше жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікпен қатынауды кеңес етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу