Пандемиялық шектеулердің тұсында күнкөрісі төмен отбасылардың саны арта түсті. Өкінішке қарай, кедейшіліктің қамытын сүйрей алмағандардың кейбірі дүниеден баз кешіп те жатыр.
Адамдардың қылмысқа баруы немесе жарық дүниемен қайыр-қош айтысуы көбіне қу жетіспеушілік пен баспананың жоғына байланысты екені жасырын емес.
Сіңірі шыққан кедейге айналып, жігері құм болған пенде барар жер, басар тау таба алмағаннан кейін Аллаға да, төңірегіндегі адамдарға да өкпе артпай ма? Ондайлар үшін өмірдің мәні жоғалады, ештеңені керек етпейтін күйге түседі. Ал кедейлердің азаймауы кез-келген мемлекетке сын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу