Бай мен кедейдің азық-түлік тұтынудағы айырмашылығы артып барады

670

Азық-түліктің қымбаттауы елімізде бай мен кедей арасындағы алшақтықты арттырып барады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бай мен кедейдің азық-түлік тұтынудағы айырмашылығы артып барады

Мәселен, жағдайы бар отбасы аз қамтылғандарға қарағанда етті 3,5 есе көп жейтін болған. Алшақтық ет,  жұмыртқа секілді өнімдермен қатар көкөністерді тұтынуда да байқала бастаған. Тек, нан өнімдерінде ғана екі топ арасында аса қатты айырмашылық жоқ. Мысалы, ақшалылар үш айда 43,2 келі нан жесе, аз қамтамасыз етілгендер осы уақыт арасында 26,5 келі тұтынған. Ал, бай мен кедейдің балық пен теңіз өнімдерін тұтынудаға айырмашылық 5 есеге жеткен. Жағдайы жақсылар бір тоқсанда 7,85 келі, ал кедейлер 1,56 келі ғана балық пен теңіз өнімдерін жейді екен. Жалпы жыл басынан бері қазақстандықтар азық-түлікке 2,8 трлн теңге жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу