"Байбектің кезінде мұндай болмап еді": Дина Төлепберген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

1015

"Бастысы - зілзаланың өзі емес, паникаға түскеннің салдары ауыр болатынын естен шығармайық".

"Байбектің кезінде мұндай болмап еді": Дина Төлепберген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Тележүргізуші Дина Төлепберген instagram парақшасында кеше бүкіл алматылықты дүрліктірген зілзала жайында пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, ол бұл қуатты жер сілкінісінен қатты қорқып қалған.

"Тағы сілкініс, тағы сан сұрақ, “Байбектің кезінде мұндай болмап еді” деген әзілдер тағы естіледі. Бірақ бұл жолы өзім де шошып қалдым. Мен секілді әрбір ата-ана ең алдымен мектеп, бала-бақшадағы баласы үшін уайымдаған шығар.

Жер сілкінісіне не себеп? Қытайда қазылып жатқан жаңа ұңғыманы һәм Кемин зілзалаласын тілге тиек етіп жатқандар көп. Бірақ өзің тексере алмайтын дүниені талқылаудан не пайда? Меніңше, бар күшімізді қазір өзімізді қорғауға бағыттау дұрыс", - деді тележүргізуші.

Сонымен қатар, ол оқырмандарына кеңес беріп, паникаға берілмеуге шақырды.

1. Ең алдымен дабыл чемоданын жинап қоюымыз керек
2. Баспанадағы ең қауіпсіз жерді анықтап, балаларға көрсету
3. Үйді сырттай қарап, қабырғасында жырықтар көрсеңіз, шұғыл әкімдікке хабарласыңыз
4. Пәтерді жерсілкінісінен сақтандырып қою
5. Зілзала кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түзу, балалармен оны үй жағжайында қайталап көру

Бастысы - зілзаланың өзі емес, паникаға түскеннің салдары ауыр болатынын естен шығармайық.

Өзіңізге бекем болыңыз, Табиғат ана бізді жылатпас деп сенейік. Бірақ біз ... оны қадірлеп жүрміз бе?", - деп ойын аяқтады тележүргізуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу