Байдарка мен каное есуден әлем кубогі: Спортшыларымыз финалға жолдама алды

745

Польшада байдарка мен каноеде есуден әлем кубогі кезеңі жалғасуда. 

Байдарка мен каное есуден әлем кубогі: Спортшыларымыз финалға жолдама алды

Қазақстандық спортшылар жартылай финал және финалдық бәсекелерге жолдама алды, деп жазады Olympic.kz. 

500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жекелей сында Ануар Акчурин, 200 метрге жарысудан екі адамдық бәсекеде Тимур Хайдаров пен Мерей Медетов, сондай-ақ, Владимир Петров пен Виктор Степанов финалдық кезеңге өтті. 

Төрт адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы жарыста София Молина, Ирина Подойников, Виктория Копьева, Анастасия Березовскаялар жартылай финалда бақ сынайды. 

Ерлер арасындағы төрт адамдық байдаркада Илья Голендов, Андрей Ергучев, Дәулет Сұлтанбеков және  Александр Емельянов ақтық сынға өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу