Германияның Дуйсбург қаласында байдарка мен каноэ есуден әлем кубогінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрама командасы Польшадағы кубоктік додадан соң тікелей Германияға жол тартты.
Біздің құрама рейтингілік ұпай жинау үшін Дуйсбургте бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Познаньда өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды. Тимур Хайдаров 200 метрге каноэмен жарысудан күміске қол жеткізсе, Мерей Медетов пен Хайдаров жұбы қола медаль еншіледі.
Кубоктік дода 2 маусымға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу