Байдаркада есуден Олимпиадаға іріктеу турнирінің уақыты бекітілді

470

Әлем кубогі кезеңіне мыңға жуық спортшы қатысады.

Байдаркада есуден Олимпиадаға іріктеу турнирінің уақыты бекітілді Фото: olympic.kz

Халықаралық байдарка мен каноэде есу федерациясы 2021 жылғы Токио Олимпиадасына соңғы іріктеу турнирінің қайда өтетінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

Әлем кубогінің екінші кезеңі 2021 жылдың 20-23 мамыры аралығында Ресейдің Барнаул аймағында өтеді. Әлем кубогі кезеңіне мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. 

Аталған сында Олимпиаданың алты жолдамасы сарапқа салынады. 

Айта кетелік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу