Байден 2024 жылғы президент сайлауына түспек

858

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі осындай мәлімдеме жасаған еді.  

Байден 2024 жылғы президент сайлауына түспек

АҚШ Президенті Джо Байден 2024 жылғы президент сайлауына қандай жағдайда қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

"Егер мен қазіргідей сау болсам, қайтадан қатысамын", – деді Байден. Бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамп саяси додадағы қарсыласы болса, не істейтіні туралы сұраққа Байден "бұл оның келесі сайлауға қатысу мүмкіндігін арттырады" деп жауап берді. 

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Карин Жан-Пьер Байденнің қазіргі вице-президент Камала Харриспен бірге екінші рет сайлауға түсетінін айқан еді.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жетті. Республикашыл Трамп 232 дауыс, Байден 306 дауыс жинады. Дегенмен Трамп демократтар сайлаудың нәтижесін бұрмалағанын айтып, жеңілісті мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу