Байден абайсызда Зеленскийді Путин деп таныстырды

349

Тағы бір сөзінде АҚШ президенті Харристі Трамппен шатастырып алды.

Байден абайсызда Зеленскийді Путин деп таныстырды Фото: Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтондағы НАТО саммитінде сөйлеген сөзінде украиналық әріптесі Владимир Зеленскийді Президент Путин деп шатасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Келесі сөз кезегін қаншалықты батыр болса, соншалықты батыл азамат Украина президентіне бергім келеді. Ханымдар мен мырзалар, Президент Путин", - деді Байден.

Бірақ саясаткер қателескенін түсініп, сол сәтте сөзін түзетті: "Президент Путин? Ол [Зеленский] Президент Путинді жеңуі керек. Мен Президент Путинді жеңуге тым көп көңіл бөлемін-ау деймін".

"Мен одан жақсымын", - деді жақын жерде тұрған Зеленский. Байден: "Әлдеқайда жақсысыз" деп жауап берді.

АҚШ президенті Джо Байден оның орынбасары Камала Харрис жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалуға білікті екенін айтты, бірақ сөзінен жаңылып оны Дональд Трамппен шатастырды.

"Мен Трампты вице-президент етіп сайламас едім, егер ол президент болуға жеткілікті білікті деп ойламасам", - деді Байден НАТО саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Дегенмен Джо Байден денсаулығына қатысты сынға қарамастан, өзін АҚШ президенті лауазымына лайық көретінін айтып, Трампты жеңуге уәде берді.

Бұған дейін New York Times газеті Байденнің айналасындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, АҚШ президентінің денсаулығының нашарлауы соңғы айларда жиі байқала бастағанын және Дональд Трамппен болған сәтсіз пікірталастан кейін барған сайын нашарлап жатқанын жазды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу