АҚШ президенті Джо Байден Беларусь президенті Александр Лукашенконы жазалауға бағытталған жаңа шектеулерді енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар АҚШ-тың қаржы министрлігі 23 жеке тұлға мен 21 ұйымға қарсы санкция жариялады. Нақтырақ айтқанда, қара тізімге Беларуськалий, Белнефтегаз, Ұлттық Олимпиада комитеті және елдің тергеу комитеті енгізілді.
Бір жыл бұрын Беларусьта президенттік сайлау өткен еді. АҚШ билігінің ойынша, саяси дода әділ өтпеген. Дауыс берудің нәтижелеріне қарсы беларусьтықтар өткен жылы бірнеше ай бойы наразылық шараларын ұйымдастырған болатын.
Ескере кететін жайт, 9 тамызда Британия мен Канада да Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізді.
Табиғат Нұрболат