Байден АҚШ-тағы төтенше жағдай режимін ұзартты

429

АҚШ кибершабуылдарға осылайша қарсы тұрмақ. 

Байден АҚШ-тағы төтенше жағдай режимін ұзартты Фото: img7.eadaily.com

АҚШ президенті Джо Байден елдегі кибершабуылдарға байланысты 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған Ұлттық төтенше жағдайды бір жылға ұзартты.

"Киберкеңістікті пайдалана жасалатын қитұрқы әрекеттер Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына аса қауіп төндіреді", — делінген Ақ үй таратқан хабарламада.

Сәйкес хабарлама Федералды тізілімде жарияланып, Конгреске жақын арада жіберілуі керек.

"Аталған қауіптерді ескере отырып, 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған Ұлттық төтенше жағдай 2023 жылдың 1 сәуірінен кейін де күшін жоймайды. Сондықтан мен Президенттің 13694 жарлығымен жарияланған елдегі төтенше жағдайды 1 жылға ұзартамын", - деп түсіндірді Байден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу