Байден АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа қандай жағдайда араласатынын айтты

592

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд ресми Вашингтон Киевке Ресей аумағына шабуыл жасауға мүмкіндік беретін қару жібермейді деп мәлімдеді.

Байден АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа қандай жағдайда араласатынын айтты

АҚШ президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттарының Украинадағы қақтығысқа қандай жағдай араласатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақ үй басшысының айтуынша, егер АҚШ немесе НАТО елдеріне шабуыл жасалмаса, Вашингтон Украинадағы қақтығысқа тікелей араласпайды.

"Біз НАТО мен Ресей арасында соғыс болғанын қаламаймыз. Америка Құрама Штаттары немесе олардың одақтастарына шабуыл жасалмаса, біз бұл қақтығысқа америкалық әскерлерді жібермейміз, Ресей Қарулы күштеріне шабуыл жасамаймыз", — деді АҚШ президенті.

Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд ресми Вашингтон Киевке Ресей аумағына шабуыл жасауға мүмкіндік беретін қару жібермейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Украинаға тек қорғану үшін қару-жарақ жеткізумен айналысады.

"Біз бұл қақтығысқа араласпаймыз, бірақ біз Украинаға оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қару береміз", — деп түсіндірді ол.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу