Байден америкалықтарды Украинадан дереу кетуге шақырды

4740

Мемлекеттік департамент де осындай мәлімдеме жасады.

Байден америкалықтарды Украинадан дереу кетуге шақырды Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден америкалықтарды Украинадан дереу кетуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Ақ үй басшысы бұл елдегі жағдай аяқ астынан күрт өршіп кетуі мүмкін деген пікірде.

Бұған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де осындай мәлімдеме жасады.

"Америкалық азаматтар шұғыл кетуі керек. Бұл террористік ұйыммен күрес жүргізу сияқты емес. Салдары одан да жойқынырақ. Біз әлемдегі ең ірі әскерлердің бірімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл – мүлдем басқа жағдай, ахуал күрт шиеленісіп кетуі мүмкін ", – деді Байден.

Соңғы айларда Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Вашингтон мен Брюссель Ресей Украинаға басып кірмек деген айып тақты. Осы орайда НАТО елдері Шығыс Еуропадағаы әскерилерінің санын көбейтті.Ресей болса, өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу