Байден әскери бюджетті қысқартады

817

Трамп әкімшілігі 722 миллиард доллар шығындамақшы болған еді.

Байден әскери бюджетті қысқартады Фото: inbusiness.kz

АҚШ президенті Джо Байден әскери бюджетті қысқартады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Белгіленген сома экс-президент Дональд Трамп бөлмекші болған қаражат көлемінен 7 миллиард долларға аз. 

Жаңа қаржы жылында Байден Пентагонға 722 миллиард доллардың орнына Пентагонға 715 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, инфляцияны ескергендегі айырмашылық – небәрі 0,4%.

Әскери бюджеттің бір бөлігі Пентагон ішіндегі экологиялық бастамаларға жұмсалады. 2022 жылға арналған бұл бюджетте әскери және әскери емес шығындардың аражігі нақты ажыратылмаған. Сондықтан АҚШ Конгресі қаржының бір бөлігін басқа қажеттіліктерді өтеу үшін жұмсауы мүмкін. 

Желтоқсан айының соңында Байден әкімшілігі ядролық қаруды жаңғырту бағдарламасын қайта қарауды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Ақ үйді жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыран құнының қымбаттығы алаңдатып отыр. Пентагонның есептеуінше, соғыс ұшағын жетілдіруге 100 миллиард доллардан астам қаражат керек болуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу