Байден Ауғанстан билігі "беріліп, қашып кетті" деп мәлімдеді

834

Ресми Вашингтон Ауғанстан босқындарына 500 млн доллар бөледі.

Байден Ауғанстан билігі "беріліп, қашып кетті" деп мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанның саяси басшылығы "Талибан" радикалды қозғалысының содырларына қарсы күрестен бас тартып, елден қашып кетті деп айыптады. Мемлекет басшысы бұл туралы Ауғанстандағы жағдайға байланысты үндеу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Оның айтуынша, Ауғанстан басшылығы АҚШ-тың қолдауына қарамастан берілген. 
"Сонда не болды? Ауғанстанның саяси басшылығы беріліп, елден қашып кетті. Ауғанстанның қарулы күштері ыдырап, тіпті соғысуға құлық танытпады", – деді президент. Байден АҚШ әскерінің шығарылуы дұрыс шешім екенін айтты. Ақ үй басшысы америкалық әскери күштер ауған күштерінің өзі шайқасқысы келмейтін соғыста өлмеуі керек деген пікірде. 

Сонымен қатар Байден Ауғанстан босқындарына көмектесу үшін 500 млн доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Қаражат АҚШ-тың босқындарға көмек көрсету және көші-қон қорынан бөлініп отыр.

Еске сала кетсек, 15 тамызда "Талибан" Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған еді. Қазір мемлекетті басқару міндеті уақытша кеңеске жүктелді, ол артынан бұл өкілеттікті тәліптерге тапсырады. Жаңа кеңестің құрамына ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла және бұрынғы президент Хамид Карзай енгізілді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу