Байден Беларусьқа санкция салу бастамасын қолдады

683

Бұған дейін АҚШ президенті Протасевичті және әділетсіз ұсталған басқа да беларусьтық саяси тұтқындарды босатуға үндеген еді.

Байден Беларусьқа санкция салу бастамасын қолдады Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден Еуропалық Одақтың Минскіде Ryanair лайнерін мәжбүрлеп қондыру оқиғасы мен NEXTA Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтің бортта ұсталуына байланысты Беларуссияға санкция енгізу туралы үндеуін қолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы өз әкімшілігіне ЕО және халықаралық ұйымдармен бірлесе лайнердің шұғыл қонуына қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту жолдарын табуды тапсырды. 

Бұған дейін АҚШ президенті Протасевичті және әділетсіз ұсталған басқа да беларусьтық саяси тұтқындарды босатуға үндеген еді. Байден бұл оқиғаға саяси көзқарас бостандығы мен баспасөз бостандығына жасалған шабуыл деген баға берді.

23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларуссия қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу