Байден COVID-19 індетіне қатысты саммит өткізбек

546

Шара БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айының соңына жоспарланған кезекті сессиясының апталығына орайластырылып ұйымдастырылады.

Байден COVID-19 індетіне қатысты саммит өткізбек Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус індетімен күреске қатысты жаһандық саммит өткізуге ниетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

Жиында пандемияға қарсы шаралар мен вакцинация процесі талқыланады. Ресми дерек бойынша, Ақ үй басшысы өзінің жоспары туралы бірқатар елдің басшылығын хабардар еткен. Алайда ресми шақыртулар әлі жіберілмеген. Шара БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айының соңына жоспарланған кезекті сессиясының апталығына орайластырылып ұйымдастырылады.

Байден халыққа үндеуі кезінде саммиттің нақты қашан өтетін жариялайды. 
Тамыз айында АҚШ-тың барлау агенттіктері SARS-CoV-2 коронавирус инфекциясының пайда болуына қатысты тергеуді аяқтаған еді. Барлау қызметі коронавирус биологиялық қару емес деген мәлімдеме жасады. Бірақ вирустың қалай пайда болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу