Байден Джорджия штатында төтенше жағдай режимін жариялады

548

Мұндай шешім аймақта көтерілген дауылдар мен торнадоларға байланысты қабылданды, делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.  

Байден Джорджия штатында төтенше жағдай режимін жариялады Фото: report.az

Президент Байденнің тапсырмасы бойынша штатқа зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру үшін федералды көмек көрсетіледі, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қатты дауыл кезінде зардап шеккен аудандарда жергілікті және штат деңгейіндегі қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін федералды көмек көрсетуге шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

АҚШ президентінің бұйрығына сәйкес, көмек уақытша тұрғын үй гранттарын төлеуді және үйді жөндеуге кететін шығындарды жабуы мүмкін.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға сақтандырылмаған мүліктік шығындарды жабу үшін арзан несиелер берілу де қарастырылып жатыр. Әзірге, мемлекет келтірілген шығын құнын есептеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу