Байден екінші мәрте сайлауға түседі

659

2024 жылғы сайлау кезінде ол 81 жасқа толады.

Байден екінші мәрте сайлауға түседі Фото: reuters.com

АҚШ Президенті Джо Байденнің екінші мерзімге сайланғысы келетіні туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Байден 2024 жылғы сайлаудан бас тартпайды. "Бұл оның қалауы", – деді Псаки.

Байденнің алдағы президенттік сайлауға қатысатыны туралы бұған дейін жергілікті БАҚ-та жарияланған еді. Бірақ осы күнге дейін бұл ақпарат ресми түрде расталмады. 79 жастағы саясаткер рейтингісінің төмендеп жатқанына қарамастан екінші мерзімге сайланбақ. 2024 жылғы сайлау кезінде ол 81 жасқа толады.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жеткен еді. Республикашыл Трамп 232 дауыс, Байден 306 дауыс жинады. Дегенмен Трамп демократтар сайлаудың нәтижесін бұрмалағанын айтып, жеңілісті мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу