Байден экономиканы жандандыруға 2 трлн доллар жұмсамақ

685

Наурыз айының басында АҚШ Конгресінің Сенаты экономиканы ынталандыру үшін 1,9 трлн доллар көлеміндегі қаражатты мақұлдаған еді.

Байден экономиканы жандандыруға 2 трлн доллар жұмсамақ Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден экономиканы жандандыру үшін 2 трлн доллар жұмсау туралы жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы  жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бұл Америкаға құйылатын инвестиция, бұған дейін мұндай шара қабылданбады. Штаттар арасында автокөлік жолын салып, ғарышты игеруден жарысқан кезден бері мұндай шара қабылданбады", – деді америкалық президент.

Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жұмыс орындарына құйылатын ең қомақты инвестиция болатынын алға тартты.

Жоспар бойынша, 621 млрд доллар көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, 400 млрд доллар қарттар мен мүгедектерді қолдауға, 300 млирд доллар өнеркәсіп секторына бөлінбек. 213 млрд доллар қолжетімді тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға, 100 миллиард доллар кең жолақты байланыс желілерін дамытуға жұмсалмақ.

Наурыз айының басында АҚШ Конгресінің Сенаты экономиканы ынталандыру үшін 1,9 трлн доллар көлеміндегі қаражатты мақұлдаған еді. Бұл пакет бойынша, АҚШ-тағы жұмыс істейтін отбасыларға 1,4 мың доллар төленеді, жұмыссыздық бойынша апта сайын берілетін жәрдемақы 400 долларға көтеріледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу