Байден Еуропаға 3000-ға дейін резервші жіберуге рұқсат берді

563

Еуропаға резервтен әскери қызметшілер жіберу қосымша күштер жұмылдыру дегенді білдірмейді, деп түсіндірді АҚШ Қорғаныс министрлігі. 

Байден Еуропаға 3000-ға дейін резервші жіберуге рұқсат берді Фото: РБК

АҚШ Қорғаныс министрлігі болашақта Еуропаға орналастыру үшін резервтен 3000-ға дейін әскерилерді жібере алады, деп жазады inbusiness.kz.

"НАТО-ның Atlantic Resolve ("Атлантикалық шешім") операциясын АҚШ-тың еуропалық Қарулы күштері қолбасшылығының (EUCOM) жауапкершілік аймағында және оның айналасында тиімді жүргізу үшін американдық күштердің белсенді контингентін күшейту қажет", - деді Америка президенті Джо Байден 13 шілде, бейсенбіде қол қойған жаңа Жарлықта.

EUCOM бұл жарлық Еуропадағы америкалық әскерлердің санын өзгертпейтінін атап өтті және оның қосымша күштерге еш қатысы жоқ, деп хабарлады журналистерге Пентагон Біріккен штабының жедел басқармасының бастығы Дуглас Симс.

Керісінше, резервшілер бұрын "белсенді" контингент құрамында әскери қызметшілер орындаған міндеттерді өз мойнына ала алады. Сайып келгенде, Пентагонның айтуынша, оларды қалай іске қосу туралы шешім EUCOM басқаруында қалады.

"Бұл Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз әрі себепсіз бастаған соғысынан кейін НАТО-ның шығыс қапталын қорғауға мызғымас қолдау мен адалдықты растайды", - деді Симс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу