АҚШ президенті Джо Байденнің жоспарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Үндістандағы жиырма топ саммитінде (G20) кездесу жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz NBC америкалық әкімшіліктегі дереккөздеріне сілтеме жасап.
Телеарна хабарлағандай, Қытай мен АҚШ басшылары қараша айында өтетін Сан-Францискодағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінің (АТЭС) алаңында кездесуі мүмкін.
Алайда бұрын хабарланғандай, Си Цзиньпин G20 саммитіне бармайды. Кездесуде Қытай Мемлекеттік Кеңестің Премьер-Министрі Ли Цянның ел атынан шығады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу