Байден G7 мен НАТО-ның шұғыл саммитін өткізді

620

Оған Жапония, Ұлыбритания, Канада, Испания, Нидерланды және Италия, Франция мен Еурокеңес басшысы және Еурокомиссия өкілдері қатысты.  

Байден G7 мен НАТО-ның шұғыл саммитін өткізді Фото: Kevin Lamarque/Reuters

Польшаның Украинмен шекаралас аумағына зымыран құлағаннан кейін Балиде G20 саммитіне қатысып жатқан АҚШ Президенті Джо Байден өзге әлемдік лидерлермен шұғыл кездесу өткізді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Келіссөздерде Жапония премьер-министрі Фумио Кисида, Ұлыбритания  премьер-министрі Риши Сунак, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо,  Франция президенті Эмманюэль Макрон,  Еуврокеңес басшысы Шарль Мишель, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони қатысты.

Шұғыл кеңестен кейін Байден оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол зымырандар Ресей тарапынан болды ма, жоқ па, ол туралы толық тексеру жүргізілмей тұрып нақты айтқысы келмейтінін мәлімдеді. 

Сейсенбі кешке Польшаның шығысындағы, Украинамен шекаралас ауданында орналасқан Пшеводув деревнясына зымыран құлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше екі зымыран түскен. Екі адам опат болды.

Бұл оқиғаға байланысты бірқатар халықаралық ұйымдар шұғыл кеңес өткізді. Польша республикасының премьер-министрі Матеуш Моравецкий Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Ресей Қорғаныс министрлігі украин-поляк шекарасы маңында ешбір нысана бойынша ресейлік зымырандар жіберілмегенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу