АҚШ президенті Джо Байден Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар бөлуге уәде берді.
"Бұл қаражат қақтығыс салдарынан бас сауғалап кеткен миллионнан астам палестиналықтарды, сондай-ақ Газа секторындағы төтенше жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады", - деді Байден Тель-Авивте сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін америкалық CBS News телеарнасы Хамас шабуылынан кейін Израиль АҚШ-тан 10 миллиард доллар көлемінде шұғыл әскери көмек сұрағанын хабарлаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу