АҚШ президенті Джо Байден, дүйсенбі, 13 қарашада Израильді Газа секторындағы ең ірі Аль-Шифа ауруханасын қорғауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Мен аурухана үшін жойқын әрекеттер аз болады деп үміттенемін және күтемін. Аурухана қорғалуы қажет", - деп жауап берді Байден.
Сондай-ақ, Байден бұл мәселеге қатысты израиль халқымен байланыста екенін баса айтты.
Кейінірек, Ақ үй басшысының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Вашингтон Израиль алдында клиниканың қауіпсіздігі мәселесін көтергенін растады.
"Біздер ауруханаларда атыс болғанын көргіміз келмейді. Сонымен қатар, пациенттердің және ауруханалардың қорғалғанын қалаймыз. Біз бұл туралы Израиль үкіметімен сөйлестік, және олар өздерінің көзқарастарымен бөлісетіндіктерін айтты", - деп қосты Салливан.