Ол сөз арасында атысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы DW жазды.
"Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху өз елін қорғауға құқылы, бірақ Израиль мемлекетінің Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы соғысы кезінде жазықсыз адамдардың өмірін қорғау үшін көбірек әрекет етуі керек", - деді Байден.
АҚШ Президенті 1,5 миллионға жуық палестиналық босқындар пана тапқан Рафах қаласына Израиль қорғаныс армиясының (IDF) шабуыл жасау мүмкіндігі туралы айта отырып, бұл қадамның өрескел қадам екенін атап өтті.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі 2023 жылдың 7 қазанында Еуропалық Одақ пен АҚШ террористік ұйым деп таныған ХАМАС радикалды исламдық қозғалысы Израильге кең ауқымды шабуыл жасағаннан кейін басталды.
Террористер Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады және 1400 адам сол шабуылдың құрбаны болды. Сондай-ақ содырлар 200-ден астам адамды кепілге алып, Газа секторына алып кеткен.
Израиль жауап ретінде ХАМАС-қа соғыс жариялады. Ел армиясы ХАМАС билігіндегі осы тығыз қоныстанған Палестина аймағына жаппай соққы беріп, құрлықтағы әскери операцияны да жүргізуде. ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газа секторында қазірдің өзінде 30 мыңға жуық адам қаза тапқан.