Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады

203

Бұл туралы сәрсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер таратқан мәлімдемеде айтылған.

Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады Фото: BBC

АҚШ президенті Джо Байден Калифорния штатындағы алапат өртке байланысты Италияға бармайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байден бұған дейін штатта табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарымен күресу және зардап шеккендерге федералды көмекті жеделдету үшін апат режимін жариялаған болатын.

"Біз Оңтүстік Калифорниядағы өртті тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін қажетті амалдың бәрін жасауға дайынбыз. Бірақ бұл өте ұзақ жол болатынын білеміз. Федералды үкімет қажет болғанша осында қалады", – деді Байден.

Оған дейін президент Калифорния губернаторынан ақпарат алу үшін Лос-Анджелеске келіп, Вашингтонға оралғаннан кейін шетелдік соңғы сапарынан бас тартуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, Байден 9 қаңтарда Италияға ұшуы керек еді. Оның үш күндік сапары кезінде ел президенті Серджио Маттарелламен және премьер-министр Джорджа Мелонимен кездесуі жоспарланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу