АҚШ вице-президенті және мемлекет басшысына кандидат Камала Харрис Вашингтонға сапары кезінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Politico газетіне сілтеме жасап.
"Вице-президент Камала Харрис Беньямин Нетаньяхудың конгреске бірлескен үндеуіне қатыспайды, бірақ осы аптада Ақ үйде Израиль премьер-министрімен бөлек екіжақты кездесу өткізеді", – делінген басылымда.
Сонымен бірге, бұрын Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Нетаньяхумен алдағы уақытта кездесетінін жариялады. Израиль Премьер-министрі америкалық көшбасшыға қолдау көрсеткені үшін жеке алғыс айтпақшы болды.
Байден коронавирусқа байланысты өткен аптадан бері карантинде. Соңғы күндері Америка президенті көпшілік алдына шықпай жүр, сондықтан Нетаньяхумен жеке кездесу болмауы мүмкін.