Джо Байден тағы да жаңылды. Осы жолы қатерлі ісіктен қайтыс болған ұлының өлімінің себебін ұмытып, Иракта ерлікпен қаза тапты деп жариялады. Мұндай мәлімдемемен ол Американың Колорадо штатында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ura.news-ке сілтеме жасап.
"Тек елестетіп көріңіздерші, мен мұны шын жүректен айтамын. Мен мұны Қола жұлдыз бен ерекше қызметі үшін медаль алған және Иракта өмірімен қош айтысқан адамның әкесі ретінде айтамын", – деді Байден Колорадода екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан АҚШ әскери күштері дайындықтан өткенін атап өтіп.
Шара Fox News эфирінде көрсетілді.
АҚШ президентінің үлкен ұлы Бо Байден 2008-2009 жылдары Иракта әскери қызмет атқарып, майор шенін алды. 2015 жылы Бо Байден 46 жасқа толған уақытында басындағы қатерлі ісіктен қайтыс болды.
Fox News тележүргізушісі Стюарт Варни Байденнің өтірік пен асыра сілтеушілікке жақындығын айыптайды.
"35 жыл бұрын сенатор ретінде Джо Байден президенттікке үміткер болды. Ол өзінің сайлауалды баяндамаларында үш бакалавр дәрежесіне ие екенін және Заң факультетінде оқуға толық стипендия алғанын, курстың үздік студенттерінің қатарында бітіргенін мәлімдеді. Шындығында айтылғанның барлығы өтірік болып шықты", – деді Варни американдық The New York Times газетінің мақаласына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, американдық көшбасшы 1987 жылы Ұлыбританияның Еңбек партиясының жетекшісі Нил Кинноктың сөзін өз атынан сөйлеген.
Өткен аптада Байден 15 жыл бұрын өрттен оның үйінің едәуір бөлігі жойылып кете жаздағанын айтты, ал негізінде өрт 20 минутта сөндірілген, деп хабарлады Fox News тележүргізушісі.АҚШ президенті Пуэрто-Рико туралы өзінің өмірбаянында айтпаса да, Пуэрто-Рико қоғамында саяси тұрғыдан өскенін айтты, деп атап өтті журналист.