Байден коронавирус бойынша жаһандық саммит өткізбек

734

Шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Байден коронавирус бойынша жаһандық саммит өткізбек

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус індетіне қатысты алғашқы жаһандық саммит өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Axios сайтына сілтеме жасап.

Шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында онлайн форматта өтеді. Жиында COVID-19 пандемиясын тоқтату және басқа пандемияларға дайындық мәселелері талқыланады.  Саммит халықаралық қауымдастықты біріктіруге, "дельта" штамының күрт таралуына байланысты вакциналар мен денсаулық сақтау ресурстарын үлестіру бойынша міндеттемелерді күшейтуге бағытталған.

Отырысқа бірқатар мемлекеттің басшылары, халықаралық, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. БҰҰ-ның 76-шы Бас Ассамблеясы 2021 жылдың 14 қыркүйегінде ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткізіледі.

Бұған дейін Ақ үй өкілі Джен Псаки АҚШ "дельта" штамының таралуына байланысты жаңа локдаун енгізбеу туралы шешім қабылдағанын айтқан еді. Ол сондай-ақ ел аумағында міндетті вакцинация енгізілмейтінін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу