АҚШ президенті Джо Байден 19 маусымды федералды мейрам деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің сайтына cілтеме жасап. Бұл күні Техас штатында бұрынырақта құл ұстауға тыйым салынған еді.
"Бұл күнді еске алу үшін демократтар мен республикашылдардың біріккеніне өте қуаныштымын. Бұл партиялар қарым-қатынасының жақсаруының белгісі деп үміттенемін", – деді Ақ үй басшысы.
Саясаткер "ұлы халықтар өздерінің жанға бататын ауыр сәттерін әрқашан есте сақтап жүретінін" атап өтті.
Бұған дейін АҚШ Сенаты федералды деңгейде 19 маусымды Техас штатында құлдықтың жойылуына арналған мейрам деп бекіту бастамасына бірауыздан дауыс берді. Осы жылдың басында елдің қаржы министрлігі АҚШ-тағы құлдарды босату үшін күрескен қара нәсілді әйел Гарриет Табменнің (1822-1913) портретін 20 долларлық банкнотта бейнелеу идеясын қолдаған еді.
Табиғат Нұрболат