АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ пен Қытай арасында қырғи қабақ соғыс болғанын қаламайтынын, бірақ өз позициясынан бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үй басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен көп сөйлестім. Көбісі Байден Қытаймен жаңа қырғи қабақ соғысын бастағысы келеді деп айтып жүр. Бірақ мен ондай соғысты қаламаймын. Қытай билігі мынаны ұғынуы тиіс, біз ешбір көзқарасымыздан бас тартпаймыз", – деді ол.
Америкалық Президент Қытай Тайванға қарсы агрессия танытса, Тайванның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлім етті.
Сонымен қатар Ақ үй басшысы: "Ресей, Қытай және басқа да елдер АҚШ-тың қарулы күштері ең мықты екенін біледі. Олар бізден асып түседі деп қорқудың керегі жоқ", – деді.
Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu