Байден мен Харрис "Жыл адамы - 2020" атанды

1311

Былтыр экология мәселелерін көтеріп жүрген жасөспірім Грета Тунберг осы аталым бойынша жеңіске жеткен еді.  

Байден мен Харрис "Жыл адамы - 2020" атанды

Time басылымы АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жетті деп жарияланған Джозеф Байден мен оның вице-президенті болып тағайындалатын Камала Харристі "Жыл адамы" деп таныды. 

"Көп жағдайда "Жыл адамын" таңдау қиынға соғады. Биыл соңғы жылдарға қарағанда қиынырақ болды. Тарихшылар 2020 жылда қабылданған бұл шешімді маңызды бетбұрысты білдіретін сәт деп бағалайды деген сенімдемін. Джо Байден мен Камала Харрис – осы жылдың негізгі оқиғаларын айқын көрсеткен адамдар. Олар АҚШ ұлтының әлемдегі рөлі мен америкалық тәжірибенің салдары қандай болатынын көрсетеді", – дейді басылымның бас редакторы Эдвард Фельсенталь.

Биылғы тізімде тек төрт үміткер болды. Джо Байден, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп, Құрама Штаттардың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи мен COVID-19 дертімен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлері, афроамерикалық Джордж Флойд қайтыс болғаннан кейін ұйымдастырылған "нәсілдік әділеттілік үшін қозғалыс" ұйымы осы аталым бойынша сыналды.

Былтыр экология мәселелерін көтеріп жүрген жасөспірім Грета Тунберг "Жыл адамы-2019" атанған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу