Байден мен Маккарти келіссөз үстеліне отырды

469

АҚШ президенті Джо Байден мен республикашылдар партиясының басты өкілі, өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти, Ақ үйде келіссөз үстеліне отырды.  

Байден мен Маккарти келіссөз үстеліне отырды Фото: РБК

Олар 31,4 триллион долларлық мемлекет қарызының лимитін асыруға уағдаласады немесе экономиканың дефолтқа ұшырауына жол береді. Ақырғы келісім 10 күн ішінде қабылдануы тиіс.

Алғашқы диалог нәтижесінде, Маккарти федералды бюджеттің шығындарын қысқартуды талап етсе, Байден мұны "тым төтенше шешім" деп атады. Ол байларға салық салуды ұсынып отыр. Оның үстіне Байден "президент болған 2 жылда, бюджет дефицитін онсыз да 1,7 триллион долларға" қысқарттым деп мәлімдеді. Осылайша 2 партия өкілі әзірге бір шешімге келмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу