Байден мен Путин онлайн форматта кездесті

1111

АҚШ Президенті Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздер басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы rbc.ru сайтына сілтеме жасап.  

Байден мен Путин онлайн форматта кездесті

Кездесу онлайн форматта өтеді. Олар екіжақты қарым-қатынас пен стратегиялық тұрақтылық, Украинадағы ахуал мен НАТО-ның кеңею жайын талқыламақ.

Кездесу қалай өтеді?

Кездесу жоспарланғандай, Мәскеу уақытымен 18:00 шамасында басталды. Владимир Путин Сочидегі резиденциясынан, ал Джозеф Байден Ақ үйден қорғалған бейнебайланысқа шықты.

Екеуара сұхбаттың аз бөлігі ғана (шамамен жарты минут) тікелей эфирде көрсетілді.

Путин кездесуді "Сәлеметсіз бе, президент мырза!" деген сөздермен бастады. Байден жауап ретінде Римдегі G20 қазан саммиті кезінде кездеспегеніне өкініш білдіріп (Ресей делегациясын Сыртқы істер министрі Сергей Лавров басқарды), "Жиырмалық тобының" келесі жиынында көруге ниетті екенін жеткізді. 2022 жылы саммит Индонезияның Бали провинциясында өтеді.

Кездесуге дейін тараптар жиынға қатысушылардың құрамын жариялаған жоқ. Мемлекет басшылары келіссөздерді бір-бірден, шағын немесе кеңейтілген құрамда жүргізе алады. Соңғы жағдайларға байланысты мәжіліске талқыланатын мәселелерге жауапты министрліктердің немесе құрылымдардың өкілдері қатысады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин АҚШ президентімен келіссөздер алдында тиісті шенеуніктермен кездесулер өткізген.

"Қазіргі таңда біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тартылған барлық адамдар Ресей президентімен үнемі байланыста", –деді баспасөз хатшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу